Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде білім саласына жұмсалған қаражат 95,4 млрд теңгеге азайды

gazeta-licey.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2019 16:53 gazeta-licey.ru
Қаражаттың азаюы мемлекеттік бюджет шығынының 19 процентке кемуіне байланысты.

Өткен жылы білім беру саласына 340 млрд 600 млн теңге жұмсалған, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24" телеарнасы таратқан ақпарақа сілтеме жасап.

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда, шамамен 100 млрд теңгеге аз. Қаражат нысаналы мақсатта жұмсалды ма? Министрліктің алдағы жоспары қандай?

Білім саласына жұмсалған қаражат 95,4 млрд теңгеге азайды.

1 трлн 123 млрд 100 млн теңге. 2020 жылға дейінгі бюджет жобасында білім мен ғылым саласын дамытуға қарастырылған қаражат мөлшері осындай. Жоғарыда аталған соманың төрттен бір бөлігі өткен жылы жұмсалды.

Жалпы былтыр білім беру саласына 340 млрд 600 млн теңге бөлінген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 95,4 млрд теңгеге аз. Осы соманың шамамен жартысы білікті мамандарды даярлауға жаратылса, 53 млрд теңге жаңа мектептердің құрылысына бағытталды. Тағы 33 млрд теңге дарынды балдарды оқытуға жұмсалыпты. Қаражаттың азаюы мемлекеттік бюджет шығынының 19 процентке кемуіне байланысты. Алайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім мен денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат мөлшері алдағы уақытта жалпы ішкі өнімнің 10 проценттік көлеміне дейін ұлғаяды. Мектепке дейінгі тәрбиешілер мен мұғалімдердің мәртебесін арттыру шаралары да қолға алынбақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: