22-ақпан күні Қазақстанның барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі орын алады, деп хабарлайды zakon.kz "Қазгидромет" берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Сейсенбі күні Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Түркістан облысында, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.