Павлодарлық бес имам "Қажылық" қорынан жалақы алатын болды Барлық құқығы қорғалған.
ҚМДБ-ның шешімімен биыл алғаш рет республикалық «Қажылық» қоры арқылы жергілікті діни қызметкерлерге жалақы төлене бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының мәлімдеуінше, республикалық қордан әр адамға 50 000 теңге көлемінде жыл бойы міндетті түрде жалақы төлеу туралы шешім шығарылды.
[quote- Жалақы берілетін имамдар ең алдымен әлеуметтік жағдайларына қарай таңдалынып алынды, - деді Амантай Тойшыбайұлы. - Барлығы көп балалы азаматтар. Арнай білімдері бар, ұзақ қызмет етуді мақсат тұтқан жастар. Оған қоса, қызмет атқарып жатқан мешіттері өз-өзін қамтамасыз ете алмайтын ауылдық жердің мешіттері.
Павлодар облысы бойынша бес имамға "Қажылық" қордан төленетін еңбекақыны "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің наиб имамы Қанат Қабаев табыс етті.
- Қазақстан мұслымандарының діни басқармасы имам-молдаларға қаржылай қолдау жолдарын жан-жақты қарастырып жатыр, - деді Қанат Қабаев. – Осының бірі "Қажылық" қоры арқылы еліміз бойынша 100-ден аса дін қызметкеріне жалақы төлейді. Олардың ішінде біздің облыстан Солнечный кенті мешітінің наиб имамы, Иса Байзақов ауылы, Қызылтаң ауылы, Қароба ауылы және Есқара ауылы мешіттерінің дін қызметкерлері еніп отыр.