Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында бейнебақылау камераларының көмегімен жиырма мыңға жуық қылмыс ашылған

bit.samag.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2019 16:39 bit.samag.ru
Қазіргі таңда облыс орталығының қоғамдық орындарындағы тәртіпті 871 бейнекамера жіті қадағалап отыр.

Алматы облысының қалалары мен аудандарындағы көше және қоғамдық орындарында тәртіпті жақсартуға ықпал ету үшін бейнебақылау жүйесін енгізу жалғасын табуда. Бұл туралы zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бейне бақылау жүйесін кеңейту жедел жағдайға оң әсер етудің тиімді тәсілі болып табылады. Қазіргі таңда өңірдегі әкімшіліктің қолдауымен аумақтық кезекші полиция бөлімшелеріне және талдықорғандық жедел басқару орталығына тікелей қосылған 968 бейнебақылау камерасы орнатылды. Өткен жылы камералардың көмегімен 122 қылмыс ашылып, 20 000 жуық құқық бұзушылық анықталды", - деп атап өтті Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы генерал-майор Мұрат Ұрұмханов.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыс орталығында 871 бейнекамера қоғамдық орындардағы тәртіпті жіті қадағаласа, қалғандары Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қаратал, Ескелді аудандарында, Текелі және Қапшағай қалаларында орнатылған.

"Бейнекамералардың көмегімен полиция қызметкерлерін қандайда бір құқық бұзушыны немесе қылмыскерді ұстауға жедел жұмылдыру мүмкіндігі бар. Атап айтсам, өткен жылы 102 арнасына Талдықорған қаласының көңіл көтеру орындарының біріне жақын маңда «ТОЙОТА» маркалы автокөлікте қызға зорлық көрсетілгені туралы хабарлама түсті. Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесінің кезекші инспекторы қылмыскердің қозғалу бағытын анықтау үшін бейнекамераларға мониторинг жүргізді. Нәтижесінде күдікті автоколік анықталды. Көп ұзамай қылмыскерлер ұсталып, қылмысты ізін суытпай аштық", - деді аймақтық ведомства басшысы.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, облыс әкімдігінің қолдауымен Қапшағай қаласында 300 камера, Қарасай және Панфилов аудандарында 200 камера орнату жоспарда бар екен. Сонымен қатар, Текелі қаласында 300 бейнебақылау камерасын орнатып, жедел басқару орталығын салу жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: