"Джебхат ан-Нусра" жауынгерлері Сирия әскеріне шабуыл жасады

riafan.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2019 17:21 riafan.ru
Абу-Духур ауданында террористер автокөлікке отырғызып, жанкештіні қолданған.

"Джебхат ан-Нусра" террористік ұйымының (ҚР тыйым салынған) жауынгерлерінен құралған екі топ (400-ге жуық адам) «Идлиб» аймағындағы сириялық әскерге шабуыл жасады. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Бұл туралы журналистерге Сирияда жауласушы тараптарды ымыраға келтіру орталығының бастығы, генерал-лейтенант (РФ Қорғаныс министрлігінің құрамына кіреді) Сергей Соломатин айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

"Джебхат ан-Нусра" басқа жауынгерлері осы уақытта Абу-Духур және Абу-Шарджа аудандарындағы үкімет әскерлеріне шабуыл жасады. Әр бағытта 150-200 адамнан құралған топ 15-20 пикапқа мініп, пулеметтармен атқылаған», - деді ол.

Айтуынша, Абу-Духур ауданында террористер автокөлікке отырғызып, жанкештіні қолданған.

"Террористер сириялық армияның қорғанысына қарай 1,5 км қашықтыққа дейін таяу келген. Содан кейін оларға қарай от атқылатып, тоқтатылды», - деп қосты генерал.

Абу-Шарджи ауданында лаңкестер Сирия әскерінің оғынан кейін шегінген.

Ол Ымыраға келтіру орталығы түрік тарапымен өзара әрекет етіп жатқанын айтты. Абу-Духур мен Абу-Шарджи аудандарындағы жағдай туралы ақпарат шұғыл жетіп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: