Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады

Үндістан азаматын ұрлағандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2022 14:08 Сурет: polisia.kz
Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматы арызбен шағымданып, белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткені туралы жазған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолдану арқылы босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: