Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар университетінде еліміздің жас ғалымдары бас қосады

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2019 22:47 www.zakon.kz
Конференцияның басты мақсаты – жас ғалымдардың жасампаздық әлеуетін дамыту, оларды заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде тарту, ғылыми білім беру кеңістігін дамыту.

27-28 ақпан күндері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Заманауи жастардың ғылыми пікірталасы: өзекті мәселелері, жетістіктері және инновациялары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы zakon.kz, оқу орнының Баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асанға сілтеме жасап хабарлайды.

Жастар жылы қарсаңында ұйымдастырылып отырған басқосу еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысатын жиынды оқу орны еліміздегі жас ғалымдардың шығармашылық қабілетін шыңдауды көздейді.

Конференцияның басты мақсаты – жас ғалымдардың жасампаздық әлеуетін дамыту, оларды заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде тарту, ғылыми білім беру кеңістігін дамыту. Сонымен қатар ізденушілердің өзара байланыс орнатуларына, тәжірибе алмасуларына ықпал жасау.

Жастардың шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау мен оны кең көлемде жариялауда, олардың тұлғалық дамудың тәсілі ретіндегі жобалық зерттеу іс-әрекеттеріне тартуда және білім беру үрдісінің тиімділігін көтеру мен қолданбалы ғылымға деген қызығушылықтарын дамытуда осы тақілеттес жиындардың маңызы зор, – деп атап өтті Жандар Асан.

Биылғы конференция «ХХІ ғасырдағы жаратылыстану ғылымдарының теориялық бағыттары», «Химия ғылымдарының зерттеулерінің өзектілігі, жетістіктері мен инновациясы», «Жаратылыстану ғылымдарының даму заңдылықтары мен инновациясы» және «Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің теориясы және әдістері» секциялары бойынша өткізілмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: