Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайдан тарихи Отанға қоныс аударған қолөнерші ұлттық нақыштағы бұйымдар шығаруда

pavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2019 21:07 pavlodarnews.kz
Ол мәдениет үйінен тегін ұсынылған орында жұмыс істеп жатыр.

2018 жылдың қыркүйек айында Аққулы ауданы Малыбай ауылдық аймағына қоныстанған Әжігүл Қайса "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында екі млн теңге несие алып, ұлттық нақыштағы бұйымдар шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Былтырғы жылы Қытай елінен Алматы облысы Еркін ауданының Еркін ауылына көшіп келген отбасы үшін тұрғын үй және жұмысқа тұру мәселесі туындаған. Сол кезде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы естігеннен кейін бірден Аққулы ауданына келуге бел буған.

- Әжігүл Қайсаның негізгі мамандығы - тігінші, - дейді Малыбай ауылдық аймағының әкімі Асқарбек Айгазинов. - Отбасының әр мүшесіне көшіп-қону үшін 86 мың теңге және жеті тонна көмір берілді. Ай сайын үй жалдап тұруға бөлінетін 35 мың теңгенің бір жылдық көлемін жинап, бірден үй сатып алды. Мәдениет үйінен тегін ұсынылған орында жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде тіркелуде. Өзімен бірге Қытай елінен екі тігін машина алып келген. Несие алғаннан кейін тағы үш машина алып, оңтүстік өңірден келген екі адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Қолөнерші матаны Павлодар қаласынан сатып алып, ұлттық нақышта безендірілген көрпе-жастықтар мен ою-өрнек салынған түскиіздер шығарады.

Малыбай ауылдық аймағына былтыр мемлекеттік бағдарлама аясында қоныс аударған 15 отбасы немесе 71 адамның 80 пайызы жұмыспен қамтылған. Жоспар бойынша биылғы жылы Аққулы ауданы 184 адамнан тұратын 46 шаңырақты қабылдайды. Томирис Бекжан

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: