Жаңалықтар тізбегі
0

Қажылыққа тасымалдау бойынша дайындық жұмыстары басталды

ҚР ИИДМ ААК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2019 21:37 ҚР ИИДМ ААК
Биылғы қажылық маусымы тамыз айына тура келмек.

Азаматтық авиация комитеті қажылыққа сапарлаушы қазақстандықтарды тасымалдау бойынша дайындық жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жидда қаласында қажылық маусымының ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары бойынша Сауд Арабиясы Корольдігінің авиациялық билік органдары (General Authority of Civil Aviation) мен Қазақстан Республикасы делегациясының кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, ҚР ҚДМ Қоғамдық келісім комитеті, Сауд Арабиясындағы ҚР консулдығы, "SCAT әуе компаниясы" АҚ өкілдері мен Сауд Арабиясының тарапы қазақстандық қажылыққа сапар жасаушыларды әуе көліктерімен тасымалдауды ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Биылғы қажылық маусымы тамыз айына (2019 жылдың 9 тамызынан 14 тамызына дейін) келмек. Сауд Арабиясының талаптарына сәйкес, Жидда мен Мединаға 2019 жылғы 4 шілдеден 5 тамызға дейін және Сауд Арабиясынан кері қарай 2019 жылғы 17 тамыздан 14 қыркүйекке дейін ұшуға болады. Сонымен қатар, кездесу барысында корольдіктің авиациялық билігі қазақстандық қажылыққа барушы адамдарды тасымалдау үшін Flynas және Nesma екі әуе компаниясын тағайындау туралы хабарлады.

"Қазіргі уақытта "SCAT әуе компаниясы" биылғы көктемнен бастап, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей тұрақты рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Бұл қазақстандықтардың Сауд Арабиясына тек қана қажылық маусымында ғана емес, сондай-ақ жыл бойы умра жасауға сапарлауға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, тікелей тұрақты рейстердің ашылуы - екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға, жолаушылар тасымалын арттыруға, елімізге сырттан келу туризмін дамыту шеңберінде Араб түбегінен қосымша туристерді тартуға септігін тигізеді", - деді ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: