Алматыда G-wagen-нің қатысуымен болған ЖКО: іс сотқа жөнелтілді
Алматы қаласының Алмалы аудандық прокуратурасы 1985 жылы туылған Ильяс Карға қатысты қозғалған қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған азамат жол ережесін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкелген жол аптын жасап, жол-көлік оқиғасы орынынан кетіп қалды деп айыпталып отыр (ҚК 345-бабының 4-бөлімі және 347-бап).
2018 жылы 29-желтоқсан күні Кар Mercedes Benz G55 автокөлігін жүргізіп келе жатып, Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жол-қозғалыс ережесін бұзып, Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан. Сосын артынша қылмыс орынынан із суытқан.
ЖКО-ның нәтижесінде Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Тағы бір азамат әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Ажал құшқандардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова болған. Олардың ішінде тек жалғыз аман қалған Айзада Сатыбалдиева ғана.
Қылмыстық іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды және толық әрі объективті тергеу жүргізілетін болады.