Елбасы Air Astana әуе компаниясына АҚШ пен Жапонияға ұшуға тапсырма берді

Рукъ - Wikipedia, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2019 19:05 Рукъ - Wikipedia
Бұл мәселені биыл шешу керек - Назарбаев.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Air Astana әуе компаниясына АҚШ пен Жапонияға авиабағыт ашуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Air Astana авиаторларына алдымен біздің негізгі инвесторларымызға қарай ұшу талабын қоюмыз керек. Қазіргі таңда біздер Еуропаға ұшып жүрміз, енді АҚШ-қа, Жапонияға ұшуымыз қажет", - деді Қазақстан президенті.

Ол әуе компанияларына бастапқыда көмек қажет болатынына және соған орай қолдау білдіру керектігіне мән берді.

"Бұған не қажет екенін білуіміз керек. Көмек беріп, қолдау көрсетуіміз қажет. Мүмкін бастапқыда бұл тиімсіз болар, дегенмен ұшуды бастауымыз керек. Ұшақтар сатып алу мен қолда барды пайдалануға көмектесеміз. Осы мәселені биыл шешуіміз қажет", - деп түйіндеді мемлекет басшасы.

Нұрбек Қожахмет

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: