Air Astana әуе компаниясына 6,7 млрд теңге айыппұл салынды

Air Astana, әуе билеті, әуе билетінің құны, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 12:40 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Air Astana әуе компаниясына 6,7 млрд теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство авиабилеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде халықтың қатты сынға алуына байланысты Air Astana қызметіне тексеру жүргізілгенін атап өтті.

"Тексеру қорытындысы бойынша  Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды".ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі

2023 жылғы 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana компаниясына 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: