Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл Қазақстан толықтай өзінің бензині мен дизель отынын тұтынады - Үкімет

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2019 21:39 Pixabay
Мұнай өңдейтін барлық үш зауытты жаңғырту жұмыстары аяқталды - Досаев.

Биылдан бастап Қазақстан өзінің бензинімен және дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, экономикалық өсімнің драйвері ретінде отын-энергетикалық кешен сақталып отыр. 2018 жылы осы сектор негізгі көрсеткіштер бойынша рекордты болды.

"90 млн тоннадан астам мұнай мен 55 млрд текше метрден астам газ өндірілді. Мұнай өңдейтін барлық үш зауытты жаңғырту жұмыстары аяқталды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі мұнай өнімдеріне бөлшек баға өсімі байқалған жоқ. Биылдан бастап бензин, дизель отыны, авиакеросин мен битумге ішкі қажеттілік қамтамасыз етіледі", - деді Е. Досаев.

Сонымен қатар ол өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсім 4,1 пайызды құрағанын, ал осы өсімнің 70 пайызы шикізаттық емес сектордың есебінен қамтамасыз етілгенін еске салды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: