Жаңалықтар тізбегі
0

Әйелдердің ғылымдағы үлесін қалай арттыруға болады

ҚазҰҚПУ баспасөз қызметіне, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2019 19:24 ҚазҰҚПУ баспасөз қызметіне
Ресми мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша ғалым әйелдердің үлес салмағы 28,4 пайызды құрайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 2016 жылғы 11-ақпаннан бастап Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні аталып өтіліп келе жатыр. Бұл туралы Zakon.kz ҚазҰҚПУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Университеттің Баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан атаулы дата қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалым-педагогтарының ұйымдастыруымен қазақстандық мектеп оқушыларының арасында интеллектуалды байқау өткенін жеткізді.

ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросының қолдауымен өткен сайыстың мақсаты – әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық әрі тең қол жеткізуіне және олардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, ғалым әйелдерге демеу көрсетуге, олардың ғылым мен техника салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын қолдауға бағытталған.

Жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру орайындағы байқау жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша жүргізілді. Шараның ашылу рәсімінде ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, Қазақстандағы "БҰҰ-Әйелдер" құрылымының өкілі Илейн Конкиевич пен БҰҰ Хатшылығының Қоғамды ақпараттау департаментінің өкілі Властимил Самек сөз сөйлеп, алғаш рет өткізіліп отырған байқаудың маңызы жайында әңгімеледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2019 19:24

Сонымен қатар жиын барысында әлемдік ұйымның өкілдері Валентина Рахимова "Жас ғалым әйелдердің тарихы", Кристинэ Товмасян "Ғылым және ғылымдағы әйелдер: стереотиптен арылу" тақырыптарында семинар жүргізді. Ал Наталья Ким "Биоалуантүрлілік", Арина Мясоед "Климат" және Ягшимурат Аннамурадов "Табиғи апаттар" сияқты 6 тематикалық "станциялар" бойынша мектеп оқушыларымен интерактивті сессиялар мен викториналық ойындар өткізді. Ойындарда ғылымның олардың күнделікті өмірде алар орны кеңінен қамтылған және еліміздегі экологиялық ахуалды шешу жолдары берілген.

Осы орайда айта кетейік ғылым саласында әйелдер әлі күнге дейін түрлі қиындықтарға тап болып келеді. Әлемдік ұйымның өкілдері осылай деп пайымдайды. Бұл тарапта арнайы зерттеу де жүргізіліпті. Мәселен, 14 мемлекетте жүргізілген сараптама ғылымдағы ер адамдар мен әйелдердің арасындағы теңгерімсіздікті көрсеткен. Сондықтанда ғылым саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз етіп, қыздардың ғылыми жетістіктеріне бала кезінен қолдау көрсету қажет дейді мамандар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2019 19:24

– Соңғы 15 жылда жаһандық ұйым нәзікжандыларды ғылымға көбірек тарту бойынша көптеген істер жүргізуде. Десе де бұл тарапта олардың қатары көбеймей отыр. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, әлем бойынша ғалым әйелдердің үлес салмағы 28,4 пайызды құрайды. Олардың басым көпшілігі бакалавр және магистрлер. Ал PhD докторлардың саны айтарлықтай аз. Біздің міндет осыны арттыру, – дейді шара ұйымдастырушылары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: