Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Қара майормен қоштасып жатыр

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2019 19:57 Zakon.kz
Борис Керімбаевты әскери сый-құрметпен шығарып салды.

Алматыда Қара майор Борис Керімбаевпен қоштасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоштасу рәсімі Әскери үйде өтіп жатыр. Борис Керімбаевты әскери сый-құрметпен шығарып салды.

Қаралы митинг Алматыда 28 панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау маңында өтті. Содан кейін Қара майордың денесі жатқан табыт БТР-ға салынып, жерлеу орынына қарай бет алды. Борис Керімбаев Абай ауылындағы зиратқа жерленеді.

Аты аңызға айналған Қара майор 12-ақпан күні қайтыс болды. Ол Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің госпиталінде көз жұмды. Борис Керімбаев Ауған соғысының ең атақты ардагері, 177-арнайы жасақ командирі болған. Ол Қара майор лақап атын екінші "мұсылман" батальонының командирі болып тұрған кезде алған. Бұл ат оған мәңгілікке қалды.

Борис Керімбаев 1948 жылғы 12 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Прудки ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң 1966 жылы В.И. Ленин атындағы Ташкент жоғары командалық училищесіне оқуға түседі. Оны 1970 жылы аяқтап, ГКӘТ (Германиядағы кеңес әскерлерінің тобына) қызмет өткеру үшін жолданды. Кеңес әскерлерінің мотоат­қыштар взводының, 1973 жылы сол бөлігіндегі барлау ротасының, одан кейін орта­азиялық әскери округтегі барлау рота­сының командирі болғаны жауын­герлерді басқару тәжірибесінің алғашқы негізін салды. Әскери жасақтарды басқару ісіне мамандану жолында өзі қызмет ететін бөлімнің штаб бастығы, мотоатқыштар батальонының командирі (1977 жыл), КСРО-ның Қарулы Күштері 10-бас­қармасы Бас штабының Эфио­пиядағы жаяу әскер бригадасының кеңесшісі (1980 жыл), арнаулы отряд командирі (1981 жыл) болып тағайын­далды. Борис Төкенұлы 1980 жылы Қапшағай қаласында айрықша тапсырмалар үшін жасақталған, 1981 жылдың 29 қазанынан 1983 жылдың 25 желтоқсанына дейін командирі болған осы 177-отряд «Мұ­сылман батальонын» басқарған кездегі қолбасшылық біліктілігімен жауын­герлерінің қаһармандық-жауынгерлік ерлігімен әлемдік соғыстар тарихындағы дара болмыс­тарымен бағаланды.

Майорды ақтық сапарға шығарып салуға келген ауғандықтардың айтуынша, бүгін жұртшылық үкіметтен Керімбаевқа "Халық қаһарманы" атағын беруді сұрап отыр. Сонымен қатар қайтыс болған офицердің есімі мәңгі ел есінде қалуы үшін оның атына көше, мектеп немесе ескерткіш қою жайлы мәселе де қаралып жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2019 19:57

"Қара майор - ол аңыз адам. Патриотизмненде жоғары - бұл дегеніміз адам бүкіл ғұмырын Отанға қызмет етуге арнайды деген сөз. Борис Керімбаев дәл сондай адам. Отан шақырған кезде ол өз борышын Ауғанстанда өтеді. Ол Ауған соғысының аңызы. Қазақстан егемендігін алған кезде ол біздің заманауи әскердің басында тұрды. Отставкаға кеткен соңда ол еңбетенуін тоқтатқан жоқ, жастар арасында кездесулер өткізетін, патриотизмдік рухты көтеретін. Балалар оны жақсы көретін, әр кездесу кезінде оның қолын алып қалу үшін жүгіретін. Олар мұндай кісімен қарым-қатынаста болғандарын мақтан тұтатын", - деп еске алды Ауғанстан соғыс Ардагерлері координациялық кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров.

Майорды ақтық сапарға шығарып салуға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Алматы аймақтық гарнизонының, жергілікті әскери басқармалардың әскери қызметшілері, құрлықтағы әскерлер, электроника және байланыс әскери институттары, Момышұлы атындағы республикалық әскери мектебі, бірге қызметтес болғандар, сондай ақ Ауған соғысының ардагерлері келді.Сарбаздар Керімбаев жайлы айтқанда оны "батя" деп атайды. Майор соғыс кезінде де, бейбіт заманда да қол астындағыларға әрқашан қажеттеліктерін беріп, олардың жағдайын жасайтын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2019 19:57

"Біз оның жұбайына алғысымызды білдіргіміз келеді. Ол періште сияқты оны әрқашан күтіп-бақты, ұзақ жылдар бойы денсаулығына қарады. Ол біз үшін әрқашан "батя" болып қала береді. Оған кез-келген уақытта өтінішпен баруға болатын. Ол жиі-жиі әскери бөлімшелерге барып тұратын. Мен оның тұнжырағанын мүлде көрген емесрін. Ол үнемі күлімдеген күйде әңгімелесетін. Ол офицердің ең басты жетістігі - қызметінің соңында "батя" лақап атын алу деп үнемі күліп айтып отыратын. Соғыс кезінде Борис Керімбаевтың жасағы ресми түрде аз адам жоғалтқан, ол қол астындағылардың үнемі жағдайын жасап жүретін", - деді "Қазақстанның жауынгерлік бауырластығы" одағының президенті Сергей Пашевич.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2019 19:57

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2019 19:57

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2019 19:57

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: