Жаңалықтар тізбегі
0

Дәурен Абаев: Қазақстан бюджетінің жартысы әлеуметтік салаларға жұмсалады

Азаттық радиосы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2019 15:16 Азаттық радиосы
Әлеуметтік қорғау саласына бюджеттің 28 пайызы жұмсалып отыр.

Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру бойынша жұмыс тобының отырысында жүзеге асырылатын шынайы шаралардың контурын сызып берді. Хабар арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында қонақта болған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

"Бүгін Ерболат Асқарбекұлы (Досаев - авт.) жұмыс тобының отырысын өткізіп, жүзеге асырылатын шынайы шаралардың контурын сызып берді. Ең алдымен, мекенжай бойынша әлеуметтік көмек алу кезіндегі бюрократиялық процедураларды жеңілдету мәселесі айтылды. Демек, қағаз жұмыстарының қатары азаяды. Жұмыс тобы мемлекеттің қолдауына мұқтаж көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу механизмін жетілдіруді қарастырады. Менің ойымша, қоғам тарапы 2020 жылдан бастап әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру туралы заң жобасы әзірленгенін жылы қабылдар деген ойдамын. Бұл тек атқарылатын жұмыстың жартысы ғана", - деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуына қарағанда, жұмыс тобы көпбалалы аналармен кездесу кезінде әкімдіктер жинаған барлық ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізеді.

"Мемлекет ешқандай жұмыс жасамай жатыр деп ойлау жөн емес. Бізде шамамен бюджеттің жартысы әлеуметтік салаға жұмылдырылады. Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік қорғау саласына бюджеттің 28 пайызы жұмсалып отыр. Әлбетте, барлық төлемдер бір уақытта өсіп кетсе деп бәрі тілейді. Бірақ, бұл шаруалардың бәрі де бюджеттің шамасына қарай шешілетінін ескеру керек. Мемлекет орындап отырған әлеуметтік міндеттемелер шоғыры өте ауқымды. Зейнетақы төлемдері, мүгедектерге арналған төлем, аз қамтылған отбасыларды қолдау, тегін медициналық көмек, қымбат тұратын оталарға берілетін жеңілдік, кәсібін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге көмек, білім гранттары мен ауыл шаруашылығы субсидиялары - осы тізімді жалғастыра беруге болады", - деді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: