Жаңалықтар тізбегі
0

Көктайғақта және жолда қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар! Жаяу адамдар мен жүргізушілерге кеңес

Point.md, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2019 16:50 Point.md
Қолайсыз ауа-райында қандай сақтық шараларын ұстанған жөн.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы көктайғақта және жолда қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаяу жүргіншілерге кеңес

Жер тайғақ болғанда, ең алдымен қолайлы аяқ киім киюді ойлаңыз.

Өкшесі (3-4 см - ден биік емес) орнықты, тұмсық жағы кең, бұдырлы, табаны қалың, ыңғайлы, сырғанамайтын аяқ киім киіңіз – табаны неғұрлым үлкенірек болса, соғұрлым аз тайғанайды.

Асықпай, баяу жүру үшін үйден ертерек шығу ережесін ұстаныңыз.

Қолды қалтаға салмаңыз және қол сөмкені қолыңызға іліп алмаңыз – тепе-теңдікті тез қалпына келтіру үшін қозғалуға ыңғайлы болуға қолдардың еркін қозғалысы қажет.

Иыққа асатын, тұтқасы ұзын сөмкеден бас тартыңыз, оң жақ және сол жақ қолға ауырлық бірдей болатындай, сөмкені екі қолмен ұстаңыз.

Көк тайғақ кезінде қарт адамдарға сүйір кертігі бар таяқсыз немесе резеңке ұшы бар троссыз үйден шығуға болмайды (кәдімгі шаңғы таяқшасын алуға да болады).

Егер сіз ұзын пальто немесе тон киген болсаңыз, көліктен түсетін кезде немесе баспалдақпен түсіп келе жатқанда міндетті түрде киімнің етегін жартылай көтеріп алыңыз.

Кетіп бара жатқан автобустың немесе маршрутканың артынан қуа жөнелмеңіз, аяғыңыз тайып, құлап кетуіңіз мүмкін.

Егер құламауға болмайтын жағдайды сезінсеңіз, артық заттардың барлығын лақтырып тастауға тырысыңыз. Сөмкелер, егер оларда сынатын нәрсе болса, жағдайды нашарлатуы мүмкін.

Құлаған кезде бұлшық еттер соққыны амортизациялау үшін оларды қатайтуға, "топтастырып" бүгілуге тырысыңыз: қолыңызды еркін ұстаңыз.

Егер арқаңызбен емес, бір бүйірлеп жерге құласаңыз жақсы: онда жеңіл жарақатпен құтылуға болады.

Егер сонда да жарақат алып, құлап қалсаңыз, травматологиялық пунктке қаралыңыз.

Көлік жүргізушілеріне кеңес

Егер сіз көктайғақ кезінде далаға шықсаңыз, бұл жағдайда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін негізгі қағидаларды ұмытпаңыз:

Қозғалыс басталмас бұрын, бұрылғанда, айналғанда, қатарды қайтадан түзегенде немесе тоқтағанда тиісті сигналдарды беруді ұмытпаңыз.

Ең маңызды сақтық шарасы - кедергісіз тоқтауға және тежеуге мүмкіндік беретін қауіпсіз қашықтықты сақтау болып табылады.

Артта келе жатқан көліктің жүргізушісін алдағы тежеу туралы ескерту үшін, жыпылықтайтын тоқтау сигналымен назар аудара отырып, тежегіш басқышын бірнеше рет түртуге болады.

Айта кеткен жөн, жүргізуші жолды кесіп өтетін адамдарға жол беруі тиіс, ал жаяу жүргіншілер бұл үшін арнайы белгіленген орындарда барынша абайлап өтуге міндетті екенін есте сақтаған жөн.

Көктайғақта және жолда қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтайды!

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2019 16:50

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: