Түркістан: Жетісайда"мейірім-шапағат" қайырымдылық дүкені жұмыс істейді

Самат Мырзалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 01:57 Самат Мырзалиев
Бұл дүкенді ашудағы мақсат – өздерінің әлеуметтік жағдайын тіктей алмай жүрген жергілікті халыққа көмек көрсету.

Түркістан облысы Жетісай ауданында аудан әкімінің бастамасымен және Жетісай аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімінің ұйытқы болуымен "Мейірім-Шапағат" қайырымдылық дүкені өз жұмысын бастаған болатын. Бұл туралы Zakon.kz Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 01:57

Бұл дүкенді ашудағы мақсат – өздерінің әлеуметтік жағдайын тіктей алмай жүрген жергілікті халыққа көмек көрсету. Жүкенде тұрғындарға тегін киім-кешек үлестірліп, мүмкіндігінше қосымша азық-түлік беріледі. Әлеуметтік дүкенге ауданның жомарт жандары мен кәсіпкерлері демеушілік жасап келеді. Осыдан 1 жыл бұрын, яғни, өткен жылдың ақпанында облыс бойынша ең алғаш боп ашылған қайырымдылық дүкені күні бүгінге дейін 1500-ге тарта әлеуметтік қолдауды қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар және көпбалалы отбасыларға көмек берген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 01:57

"Тағдырдың тауқыметі мен өмірдің ащы тұздығын татып, қоршаған ортадан, иманжүзді азаматтардан мейірім шуағын, жан жылуын күтетін қоғамның әлсіз бөлігі саналатын мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін ауданның кез-келген азаматына көмек береміз. Дүкеніміз аптаның сенбі-жексенбі кұндерінен басқа барлық күндерінде таңертеңгі 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді", – дейді Жетісай аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 01:57

Айта кетерлігі, "Мейірім-Шапағат" қайырымдылық дүкені Жетісай қаласында Жетісай Аудандық Ішкі Істер бөліміне қарама-қарсы орналасқан.

Қосымша ақпарат алу үшін 87014878311 номеріне хабарласуларыңызға болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 01:57

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: