"Полицияға параны халықтың өзі ұсынады" – Алматы әкімі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 18:50 zakon.kz
Қай адамның пара беруге дайын екенін полицейлер жақсы біледі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін есептік кездесу барысында полиция жұмысына да тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Полицейлер қалада автоматпен жүрмейді, күнде біреуді өлтірмейді, қан төгіліп жатқан жоқ. Біз еркін жүреміз, қыдырып. Тәртіп жоқ емес, бар. Бірақ енді жекелеген полицейлер бар. Біз сондайларды бірге анықтап, олармен бірлесе күресуіміз керек. Пара бермеу керек, GPS бар, навигатор бар. Бәрі жазылады. Қорықпау керек. Парақор полицейлер мықты психолог болып келеді, заңды жақсы біледі. Қай адамның пара беруге дайын екенін олар да біледі. Ал енді біреу телефонын шығарып видео түсіре бастаса – ондайларға жоламайды. Өйткені өзі жұмыстан шығарылады бірден. Параны халық негізі өзі береді, полицейлерге параны адамдардың өзі ұсынатынын тағы да қайталап айтқым келеді", – деді Байбек.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: