Барлық мемлекеттік органдар үшін бір сайт құрылады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2019 20:54 Pixabay
Биыл біз мемлекеттік органдар үшін бірыңғай интернет портал ашамыз. Жүздеген сайттың орнына бір сайт болады – Абаев.

Сәуірде барлық мемлекеттік ведомстволар үшін бір мемлекеттік портал іске қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген отырысында министр Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Биыл біз мемлекеттік органдар үшін бірыңғай интернет портал ашамыз. Жүздеген сайттың орнына бір сайт болады. Оған әкімдіктердің, тіпті аудандық әкімдіктердің сайттары да кіреді. Қаржыландырудың бәрі жабық болады, бәрі бір порталдың аясында. Қазір ол сайт сынақтан өткізілуде, ол бірінші кезекте тұтынушыға бағытталған", – деді ол.

Абаевтың сөзінше, портал елдегі барлық ведомстволардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне арналады. Сайттың барлық бөлімдеріндегі жаңалықтарды жаңартумен арнайы бөлім айналысады.

"Мұның бәрі қоғамның талқысына салынады, тіпті алдағы сәуір айында дайын болуы да мүмкін. Сайттың атауы gov.kz. Одан кейінгі 2 жыл ішінде біз қалған мемлекеттік сайттарды біртіндеп жауып тастаймыз. Бұл 1 млрд теңгедей ақшаны үнемдеуге әкеледі. Қаражат үнемдеу ғана емес, сапа да күрт көтеріледі", – деп түсіндірді ол.

Абаев айтқандай, ортақ сайт іске қосылған соң мемлекеттік органдар оның жаңаруы мен техникалық қолдауымен айналыспайды, тек контентке жауап береді. Мысалы, министрлік екі нәрсеге жауап береді: үнемі жаңарып тұратын жаңалықтар бөліміне және мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімге.

"Меніңше, бұл үлкен, тіпті революциялық қадам болады. Басқасын айтпағанда журналистер де ақпаратты мейлінше сапалы түрде алатын болады", – деп қосты ол.

Ортақ мемлекеттік сайт құру Ұлыбританияның тәжірибесі негізінде іске асырылмақ.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: