Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезін жапты. Жарияланған бағдарламалар орындалуы тиіс

Sputniknews.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2019 21:30 Sputniknews.kz.
Біз қол қусырып отырмауымыз қажет - Назарбаев.

Саяси ұйымның 20 жылдығына арналған "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараны аяқтау кезінде мемлекет басшысы және "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық бағдарламалар түгел орындалу керектігін атап өтті.

- Жарияланған бағдарламалар орындалуы тиіс. Экономика, аграрлық сектор, әлеуметтік саладағы. Қаржыландырудың барлық түрі нақтыланды. Халық күткен бағадарламалар айтылды. Делегаттар сөзі: олар партия ұсынған бағдарламаларды қолдайды. Бұл үлкен күш, біз қол қусырып отырмауымыз қажет. Әрбір облыста, әрбір қалада филиалдар бар. Егер сіздер отырып алып, біз партия мүшелеріміз дей берсеңіздер - біз одан жақсы болмаймыз,- деді Президент.

Ол өз сөзінде, мынадай шараларды атқаруды тапсырды: бюджет саласында аз жалақыға жұмыс жасайтын жұмысшылардың айлықтарын 30% көтеру, аудандық, облыстық деңгейде азаматтармен жұмыс жасайтын жалақасы төмен жұмысшылардың айлықтарын 25 пайызға өсіруді, тұрмысы төмен отбасылар санатының критерийін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% дейін арттыруды (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін, ТКК - 29698), мүгедек балалары бар ата-аналардың, қамқоршылардың және отбасылардың (адамдардың) жәрдемақысын 30% арттыру, табысы төмен көп балалы және толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, табысы төмен отбасылар үшін тұрғын үй жинағы және басқа да жүйелер арқылы жеңілдетілген, жылына 2-3 пайыздық ставкамен баспана несиелерін беру тетіктерін әзірлеу.

Съезде партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы жасақталып, оның құрамына Қасым-Жомарт Тоқаев, Асқар Мамин, Әсет Исекешев, Марат Тәжин, Наталья Годунова, Бақыт Сұлтанов, Бауыржан Байбек, Дариға Назарбаева, Мәулен Әшімбаев, Александр Павлов кірді.

Сондай-ақ партияның саяси кеңесінің құрамы да жаңарды. Оған Ольга Рыпакова, Бақытжан Сағынтаев, Нұрлан Ноғаев, Сергей Лавреньев және т.б. кірді.

Съез барысында "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, әкім Бауыржан Байбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбилиянов, "Аллюр Компаниясы Тобы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, "Алтын адам" тігін фабрикасының директоры Әлия Отарова, "Зенченко және К" коммандитті серіктестігі директорының өндіріс бойынша орынбасары Иван Зенченко, ҚР Халық әртісі,кинорежиссер Досқан Жолжақсынов, түрік этномәдени қауымдастығының жетекшісі Аскер Пириев, БҚО Тасқала аудандық "Нұр Отан" партиясының филиалы төрағасының орынбасары Думан Газез, Атырау облыстық кардиологиялық орталығының кардиолог дәрігері Жанар Оралбекова, "STEM" академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мүтәли, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ титанды тауарларды өңдеу маманы Сергей Кондратенко, "BeinTech" ЖШС директоры Бағдат Мусин, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Жезқазған "Қазақмыс" Корпорациясы жанындағы №1,2,3 байыту фабрикаларының директоры Мұрат Бөрібаев, "Нұр Отан" партиясы жанындағы Республикалық балалар құқығын қорғау кеңесі төрағасының орынбасары Динара Закиева, Ақтөбе облыстық "Жас Отан" ЖС филиалының төрағасы Асылжан Бүркітәлин сөз сөйледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: