БҚО-да жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2019 21:13 Zakon.kz
Қазіргі таңда 28 жастағы жігіттің өліміне қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр.

Оралға қарасты Деркөл ауылында жедел жәрдем фельдшері асулы күйінде орманнан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше күндіз Октябрь елдімекені маңында орын алған.

"Ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 1991 жылғы ер адамның облыстық жедел жәрдем стансасының қоңырау қабылдайтын фельдшері болып жұмыс істегенін растады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: