"Әлі ештеңе дәлелденген жоқ" – Серік Сәпиев Полтораниннің жағдайы туралы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2019 21:40 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Шаңғышымыздың ұсталуына қатысты мән-жай анықталуда.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев шаңғышы Алексей Полторанинің ұсталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Австрияның Зеефельд курортындағы Шаңғы жарысынан әлем чемпионатында классикалық әдіспен 15 шақырым қашықтыққа жүру сайысы өтті. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин сайысқа 40-нөмірмен тіркелген, бірақ жарыс жолына шықпай қалды.

- Әзірге біздің шаңғышы Алексей Полторанинге Австрия үкіметі, FIS, МОК немесе WADA тарапынан ешқандай ресми айып тағылмады. Қазір Австрияда бас бапкер Юрий Каминский бастаған тренерлік штаб жүр, ХОК өкілдері, ҚР Шаңғы жарысы федерациясы және ҚР Шаңғы спорт түрлері қауымдастығының адамары, Полтораниннің жеке бапкері – Алексей Наконечный жүр. Бар күшіміз бас шаңғышымыздың ұсталуына қатысты мән-жайды анықтауға бағытталған, – деді Серік Сәпиев.

Алексей – шаңғы спортында әлемдік көшбасшылардың бірі, Әлем чемпионаты, Әлем кубогы және өзге де көптеген халықаралық сайыстардың жүлдегері.

- Біз әрқашан таза спортты қолдаймыз, Алексейдің тыйым салынған заттар мен әдістер қолданғаны әзірге дәлелденген жоқ, әрине, біз өз спортшымызды қорғаймыз, – деп атап өтті Сәпиев.

Кеше белгілі болғандай, Австрияда полицейлер допингке қарсы рейд өткізіп, тоғыз адамды тұтқындаған, оның ішінде бесеуі спортшы – екі австриялық, бір қазақстандық және екі эстониялық.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: