Алматы облысының тұрғынынан тіркелмеген тапанша табылды
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Тергеу амалдары барысында қылмыстың мән-жайы анықталатын болады.
Алматы облысының тәртіп сақшылары Іле ауданының тұрғынынан еш жерде тіркелмеген тапанша тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс аумағында жүргізіліп жатқан "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында бір күн ішінде полицейлер қару-жарақты заңсыз сақтаудың 11 дерегін анықтады. Оның екеуі қару оқ-дәрілерін сақтаумен байланысты ашылды.
"Іс-шара барысында 30 жастағы тұрғынның қалтасынан еш жерде тіркелмеген, белгісіз тапанша табылып, тәркіленді. Тергеу амалдары барысында қылмыстың мән-жайы анықталатын болады. Тапанша тиісті сараптамаға жіберілді",- деп хабарлайды Іле ауданы Полиция басқармасының өкілі.
Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында бір күнде 84 қылмыс ашылған, оның ішінде 63 қылмысты тәртіп сақшылары ізін суытпай ашқан.
"Облыстың алты тұрғыны есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілініп, оларға қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды. Сонымен қатар, іс-шара барысында тәртіп сақшылары еліміздің қолданыстағы көші-қон заңнамасын бұзған 22 шетел азаматын анықтады. Қазіргі уақытта олардың төртеуі ел аумағынан шығарылды",- деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript