Дүйсенбі күні Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа-райы сақталмақ
"Қазгидромет" РМК 4-наурыз күні еліміздің аймақтарында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын жауады, оңтүстік өңірлерде күндіз тауда қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіліп, жел күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде – бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қостанай облысында кей жерлерде жел 23 м/с күшейеді.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.