Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда зауыт жұмысшысы өндіріс орнында опат болды

24 kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2019 17:08 24 kz
Бұл кәсіпорында адам өлімі соңғы рет 10 жыл бұрын тіркелген.

Павлодарда зауыт жұмысшысы өндіріс орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қайтыс болған 33 жастағы азамат – алтыншы разрядты электрик маманы екен. Еңбек инспекторларының хабарлауынша, оқиға Қазақстан электролиз зауытында болған. Бірақ неден, қалай болғаны әлі нақтыланып жатыр. Дәрігерлер зауытқа дереу жеткенімен, азаматтың өмірін ажалдан арашалап қала алмады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл кәсіпорында адам өлімі соңғы рет 10 жыл бұрын тіркелген. Жалпы, облыстың өндіріс орындарында жыл басынан бері 30 қайғылы оқиға болған. Екі дерек жұмысшы өлімімен аяқталыпты.

Асқар Қапанов, облыстық еңбек басқармасының басшысы:

- Алдын ала болжам бойынша, жұмысшының үстіне құрал-жабдық арбасы құлаған. Оқыс жағдайдың нақты себебі алдағы 10 жұмыс күні ішінде анықталмақ. Қазіргі уақытта еңбек инспеткорлары тиісті шараларды қолға алды.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: