Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы полицейлері көшедегі "парковшиктермен" күресе бастады

Public Domain Pictures, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2019 20:56 Public Domain Pictures
Бір ғана арнайы шара барысында полицейлер 300-ге жуық заңсыз "парковщиктер" мен автобус "диспетчерлерін" ұстап алды.

Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары базар, ойын-сауық орталықтары және өзге де қоғамдық жерлерде көлік қаңтаруға көмектесумен айналысатын тұлғалардың әрекетіне тосқауыл қоюда, деп хабарлайды Zakon.kz Алматының полиция департаментіне сілтеме жасап.

- Қалада көлік құралдарының паркингін бақылайтын автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді. Алайда кейбір жерлерде жүргізушілердің көлік қоюы мен шығып кетуіне көмектесіп, сол үшін ақы алатын тұлғалар әлі де кездеседі. Ондай "парковщиктердің" бұл тірлігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449 бабы – қоғамдық орындарда тиісу деп бағаланады. Биылғы жыл басынан бері 247 заңсыз "парковщик" әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автобус қозғалыстарының уақытын тіркеп тұратын тұлғалар да солардың қатарына жатады. Ондай "диспетчерлердің" жұмысы заңсыз – жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелерде ондай қызмет түрі көзделмеген, – деді Алматы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Төрехан Исин.

Әкімшілік жауапқа тартылған азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

- Осындай заң бұзушылықпен екінші рет ұсталған жағдайда оларға қарсы қатаң жаза қолданылатынын түсіндірдік. Тіпті қамауға алынуы мүмкін. Рецидив – жазаны ауырлатады. Сонымен бірге көлік жүргізушілері де паркинг үшін ақы төленетін жерлерде төлемнің тек паркоматтар арқылы жасалатынын біліп, естен шығармауы тиіс, – деп қосты Төрехан Исин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: