Алматыда 2014-2015 жылдары ұрланған телефондар Астанадан табылды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2019 22:50 pixabay.com
Тәркіленген ұялы байланыс құралдары қылмыстық өндіріске тіркелді.

Астанада полиция қызметкерлері ұялы телефондар сату және жөндеу орындарында рейд жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 және 3 наурыз күндері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасының аясында бұрын қолданыста болған ұялы телефондар сатылатын орындары бар сауда үйлерінде рейд шаралары жүргізілді.

- Рейд барысында бұрын пайдаланылған смартфондар сатылатын 200-дей сауда нүктесі мен оларды жөндейтін 83 шеберхана тексерілді. Полиция қызметкерлері IMEI-кодтар арқылы есеп бойынша құжаттары жоқ 1 650 ұялы телефон (олардың көбісі Samsung және iPhone маркалы телефондар), 50 ноутбукті тексеріп, салыстырды. Қазіргі таңда ұрланғандар есебінде тұрған тоғыз мобильді телефон анықталып, тәркіленді, олардың екеуі 2014-2015 жылдары Алматыда қолды болған. Тәркіленген ұялы байланыс құралдары қылмыстық өндіріске тіркелді. Ал ұрланған телефондарды сатып алған адамдарға қажетті шаралар қолданылатын болады, - деп хабарлап отыр Астана қалалық ПД.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қылмыстық жолмен келген заттарды алу немесе сату деректеріне қатысты профилактикалық және ескерту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: