Алматыда жүргізушіден есірткі мен тапанша табылды
www.inform.kz
Тәркіленген ақ ұнтақ арнайы сараптамаға жіберілді.
Алматыда көлік жүргізушісінен газ тапаншасы мен есірткі салынған 30 түйіншек табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, түнгі кезекшілік кезінде «Буран-187» жол-патрульдік полициясы Уссурийская көшесінде баяу жүріп бара жатқан Нива көлігіне назар аударған.
«Құжаттарды тексеру кезінде көлік жүргізушісінің тынышы кете бастаған. Көп ұзамай 24 жастағы ер адамнан газ тапаншасы табылды. Қарудың рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Инспекторлар көлікті тексере бастағанда, ер адам шөптің арасына бір затты лақтырып жіберуге тырысқан. Полиэтилен ораманың ішінде 30 түйіншек ақ ұнтақ болған. Алдын ала болжам бойынша, ол заттар - синтетикалық есірткі», - деді Жетісу аудандық Ішкі істер басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.
Қазір аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі және ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Тәркіленген ақ ұнтақ арнайы сараптамаға жіберілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript