СҚО-да тоғыз сібір елігін қырып салған браконьерлер анықталды
СҚО Қызылжар ауданында сібір еліктерін заңсыз атуға қатысы бар бірқатар облыс тұрғындары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 2019 жылғы 2 наурыз күні полицияға Есіл өзенінің бойында, Қызыл жар ауылына таяу маңда 43 жастағы Петропавл тұрғыны тізгіндеген Mitsubishi Delica автокөлігінің ұсталғаны жайлы хабар келіп түсті. Көлік салонында сібір елігінің еті салынған қап пен тегіс ұңғымалы мылтық болған.
СҚО ПД ЖПҚБ Табиғатты қорғау бөлімшесінің бастығы Сергей Липконың айтуынша, аймақты тексеру кезінде теріден шығарылмаған еліктің еті салынған тағы 5 қап анықталды.
- Полиция қызметкерлері бірқатар облыс тұрғындарының заңсыз аңшылыққа қатыстарының барлығын анықтаған. Олар 9 елікті қырып салған көрінеді. Қазіргі таңда ҚР ҚК 337 - "Заңсыз аңшылық" бабына сәйкес сот алды тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлап отыр СҚО ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері облыстық полиция қызметкерлерімен табиғатты қорғау заңнамасына қатысты 189 құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде 4 дерек - заңсыз аңшылық.