Асылжан Мамытбеков қызметінен босатылды

Ол ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болатын.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірнеше жауапты хатшы қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Бұдан бұрын Асылжан Мамытбеков Қостанай, ОҚО, Астана қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдар аралығында "ҚазАгро" холдингінің басшысы болған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript