Жаңалықтар тізбегі
0

Юлия Ходеваны қытайлық адвокат қорғайтын болды

Әлеуметтік желіден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2019 17:33 Әлеуметтік желіден алынды
Хуанчжоуда 6 жылдан бері оқып жатқан студент қыз екі аптадан бері қамауда отыр.

Қытайда есірткі таратты деген күдікпен ұсталған Юлия Ходеваны қытайлық адвокат қорғайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Ал Хуанчжоуда 6 жылдан бері оқып жатқан студент қыз екі аптадан бері қамауда отыр.

Айбек Смадияр, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Юлия Ходева консулдық есепте тұрмаған. Сондықтан біздің консулдық қызмет өкілдері оның ол жақта бар-жоқтығын, оқып жүргенін білмеген. 6 жыл болыпты оқып жүргеніне. Оның үстіне 2-3 үш ай қалыпты оқуын бітіруіне. Адвокат Қытайдың азаматы. Әке-шешесіне бірнеше адвокат ұсынылды біздің консулдармен. Соның біреуін әке-шешесі жалдап, бүгін бірінші кездесуі болды Юлиямен.

Шанхайдағы консулымыз Юлиямен 28-ақпан күні телефон арқылы байланысыпты. Енді айдың аяғына дейін жүзбе-жүз кездесіп, Хуанчжоу уақытша қамау абақтысында қандай жағдайда жатқанын көріп қайтпақ. 25 жастағы ақтаулық Юлия Ходева ақпанның 27-сі күні студенттік жатақханасында ұсталған болатын. Ол есірткі сақтап, таратты деген күдікке ілігіп отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 15 жылға дейін арқалауы мүмкін. Қытай заңдары бойынша, бұл жерде есірткінің көлемі ескеріледі. Тура осындай жағдаймен тағы бір жерлесіміз Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында өмір бойына сотталған болатын. Артынан мерзімі қайта қаралатын болды. Бірақ сот отырысы әлі болған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: