Алматыда қараусыз қалған көліктердің көзін құртпақ

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2019 17:39 pixabay.com
Полиция қаланың көшелері мен аулаларын аралауға кірісті.

2019 жылғы наурыздың 12-сі мен 16-сы аралығында Алматы қаласында "Иесіз машина" шарасы жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz қаланың Полиция департаментіне сілтеме жасап

Полицейлер аудандық қала безендіру өкілдері мен ПИК өкілдерімен бірлесе қараусыз қалған мәшинелерді анықтау мақсатында аулаларды тексеруде. Ондай көліктер табылған жағдайда арнайы тұрақтарға көшіріледі.

- Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесінің 16-шы бабына сәйкес, жинақтамасы толық емес көлік құралдарының арнайы орындардан өзге жерде тұруына тыйым салынған. Бұл ережені бұзу әрекеті үшін ҚР әкімшілік заңдарымен, ҚР ӘҚБ кодексінің 505 бабына сәйкес жауапкершілік көзделген, – деп нақтылады қалалық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Төрехан Исин.

Полиция Алматы тұрғындарын осындай фактілер туралы дер кезінде "102" пультіне хабар беруге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: