Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат балаларға зорлық-зомбылық көрсетумен күрес жөніндегі заң қабылдады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2019 17:04 Сурет: zakon.kz
Деректер бойынша бес жылда 4740 бала зорлық-зомбылық құрбаны болған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Сенат отырысында отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл аса маңызды заң болып отыр. Деректер бойынша бес жылда 4740 бала зорлық-зомбылық құрбаны болған. Цифрлар жас өскіннің жағдайы қатерге толы екенін көрсетеді.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылына арналған дөңгелек үстелде мектептерде жиі орын алып отырған зорлық-зомбылық жағдайлары – бұл барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшілік екенін атап өткен болатын. Бұл мәселеге көз жұмып қарамай, нақты шаралар қолдану қажеттігі айтылған болатын.

Депутаттардың бастамасы бойынша, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипатта жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық күшейе түседі. Ол ата-аналардың, өгей әке-шешелердің, мұғалімдердің, қамқоршылардың кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және зорлық әрекеттері үшін жазаға байланысты болып отыр. Бұл баптар бойынша бостандықтан айыру түріндегі жаза мерзімін 12-ден 17 жылға дейін кесу көзделіп отыр. Кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін жаза қатая түседі.

Заң бұл баптар бойынша сотталғандардың өмір бойына мұғалімдік және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін лауазымдарды атқаруына міндетті түрде тыйым салу туралы маңызды ережені көздейді.

Бұл құжат арқылы еліміздің 6 кодексі мен 6 заңына түзету енгізіледі.

Сенат қабылдаған ережелермен:

- кәмелетке толмаған адамға жыныстық сипатта жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін Қылмыстық кодекстің бірқатар баптарына өгей әкесі мен өгей шешесін қылмыс субъектісі ретінде енгізу;

- кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылықты белгілейтін ереже енгізе отырып, баланы қадағалау міндеттері жүктелген ата-ананың, заңды өкілдің, педагогтың тиісті міндеттерін дәлелсіз себептермен орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылықты алып тастау;

- өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарын құру және оның жұмыс істеуі жөніндегі ережелерді заңнамалық негізде бекіту, сондай-ақ осы Орталықтарды баланың құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізу;

- конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздары болған адамдар үшін мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту;

- қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасауы немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау туралы денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің міндеттерін енгізу көзделіп отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: