Жаңалықтар тізбегі
0

Қанат Исламның ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегі белгіленді

vesti.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2019 17:41 vesti.kz
Боксшы жаттығу лагерін бастады.

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) Астана күніне орай жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы боксшының өзі мәлімдеді.

Еске салайық, мұның алдында Қанат Исламның аяқ жарақатын емдеу нәтижелі болмай, рингке оралуы белгісіз уақытқа шегерілгені хабарланған болатын. Боксшы наурыз басынан жаттыға бастауды жоспарлаған еді, алайда, жарақатты емдеу қиындықтарына байланысты қалыпқа келу созылып кеткен еді.

Осыдан кейін боксшы неге ұзақ уақыт рингке шықпағанын түсіндіріп, 40 жасқа дейін айқасатынын мәлімдеген.

Боксшының айтуынша, қазіргі таңда ол командасымен жекпе-жекке шығу мәселесін шешіп, дайындықты бастап жаттығып жатыр. Кездесу Алматыда өтеді, қарсылас әзірге белгісіз.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы рет 2017 жылдың 9 қыркүйегінде жұдырықтасқан, ол кезде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсірген. Оның келесі жекпе-жегі 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: