Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының тұрғыны репрессияланған атасы жайлы ақпарат тапты

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2019 18:22 Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі
Бала кезіміздегі "халық жауының ұлы" деген қара күйе қазір менің отбасым үшін мақтаныш сезімге ұласты - Ахметқожа Мұсабаланов.

Алматы облысының полицейлері Ақсу ауданының тұрғынына Кеңес Одағы кезінде репрессия құрбаны болған атасы туралы мәліметтерді мұрағат құжаттарынан тауып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2014 жылы 8000 астам мұрағат құжаттарын табыстаған. Облыстың тәртіп сақшылары аталған құжаттарды жан-жақты зерделеді. Оның ішінде солақай саясаттың құрбаны болған азаматтар, Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған солдаттар туралы ақпараттар, фотосуреттер мен ресми құжаттар бар.

"Ақсу ауданының тұрғыны 1905 жылы туған әкесі Ахметқожа Мұсабаланов туралы ақпарат тауып беру туралы өтініш білдірді. Құжаттарды зерттеу барысында әкесі туралы құжаттар табылып, ол кісінің өмірі, соғыста болған жерлері мен жау қолына түскені анықталды. Соғыстан кейін тұтқынға алынып, 25 жылға сотталғаны анықталды", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2019 18:22

Бұл күнде өзі де ата атанған қария полиция қызметкерлерінің көмегіне алғыс айтуды да ұмытқан жоқ.

"Сол кездегі саясаттың құрбаны болған әкем туралы ақпарат тауып берген Полиция департаментінің қызметкерлеріне алғысым шексіз. Бала кезіміздегі "халық жауының ұлы" деген қара күйе қазір менің отбасым үшін мақтаныш сезімге ұласты. Әкемнің ерліктері туралы оқыдым және фотосуретін алдым",- деді І. Жансүгіров кентінің тұрғыны Ғабит Ахметқожаұлы Мұсабаланов.

Өз кезегінде, облыстық полицейлер тұрғындарға репрессия құрбаны болған жақындары туралы ақпарат табу мақсатында хабарласуға болатынын жеткізді. Мұрағат құжаттары ішінен айып парақшасының көшірмесін, үй-іші туралы анықтаманы, тағылған айыпты және оны оңалту шаралары туралы құжаттардың көшірмелерін алуға болады. Егер, жеке суреттері мен құжаттары болса, ұрпақтарына табысталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: