Ұлт атасын халықтың өзі атауы тиіс - Назарбаев

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2019 17:23 Ақорда
Нұрсұлтан Назарбаев жайлы жаңа деректі фильм шығарылмақ.

ҚР Президентінің Телеродиокешені басыбүтін, қызықты та шыншыл "Мемлекет басшысы" деректі фильмін жарыққа шығармақ. туынды анонсы Instagram-ға жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Әке деген кім? - Ол қорғаушы, асыраушы, ұстаз. Ұлт атасын халықтың өзі атауы тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев эксклюзивті сұқбатта.

ҚР Президентінің Телеродиокешенінің Instagram-да жариялаған ақпаратына сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың сұқбаттының негізінде "Мемлекет басшысы" атты жаңа деректі фильмі жасалды.

- Фильмді жасау барысында қырыуар шаруа атқарылды: мемлекет басшысының бір жарым сағаттық сұқбатын, ТРК-нің жасырын қоймасында жатқан видеоматериалдарды расшифровка жасау, жанды музыка мен компьютерлік дизайн, диктордың кадр сыртындағы бірде бір сөзінсіз жасалды. Фильм бүтіндей Президенттің сұқбатынан құралған. Фильмді жасауға 4 айға жуық уақыт кетті. Нәтижесінде басыбүтін, қызықты та шыншыл "Мемлекет басшысы" деректі фильмі жарыққа шықпақ,- деп хабарланған Телерадиокешеннің парақшасында.

Идея авторы – ҚР Президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы, қазіргі ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрі - Дәурен Абаев, жобаның көркемдік жетекшісі - белгілі журналист, ҚР Президентінің ТРК-нің директоры Ерлан Бекхожин, қоюшы-режиссер Арман Жақсылық, монтаж режиссеры Ернар Ибрагимов - креативті жас мамандар. Ал сценарий авторы Ярослав Красиенко.

Фильм ҚР Президентінің Телерадиокешенінің YouTube каналында шығады деп күтіліп отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: