Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан – Жапония: Парламентаралық ынтымақтастықтың келешегі

Мәжілістің Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 23:24 Мәжілістің Баспасөз қызметі
Жапония Парламентінің депутаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елін жаңғырту жолында табысты жетістіктерге қол жеткізген халқының шынайы көшбасшысы екеніне тоқталды.

Бүгін, 26 наурыз күні, Жапонияда жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті Кеңесшілер Палатасының Спикері Чуичи Датэмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, парламентаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.

Кездесуде Гүлмира Исимбаева Кеңесшілер Палатасының Төрағасына осы жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері спикерлері IV отырысына қатысу үшін ресми шақыру хатын табыс етті.

Өз кезегінде Чуичи Датэ Жапония Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріп отырғанын атап өтіп, 2016 жылы Жапония Парламенті қос палатасының депутаттары алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған тарихи баяндамасына назар аударды.

Сонымен қатар, Жапония Парламентінің депутаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елін жаңғырту жолында табысты жетістіктерге қол жеткізген халқының шынайы көшбасшысы екеніне тоқталды.

Чуичи Датэ жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: