Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы "Астана клубының" алтыншы отырысына қатысты

Елбасы сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2021 01:58 Елбасы сайты
Жиында Елбасы тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан даму жолында қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, "Астана клубы" беделді саясаткерлер, дипломаттар және дүниежүзілік деңгейдегі сарапшылар бас қосқан алаң ретінде халықаралық аренада бірегей орынға ие болып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елбасы тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан даму жолында қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталды, делінген Елбасы сайтында.

Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Халқымыз заманауи қазақ мемлекетінің құрылуы мен қалыптасу процесін басқару мәртебесін сеніп тапсырған осы елдің Тұңғыш Президенті ретінде мен үшін бұл белестің ерекше мәні бар. Тарихи өлшеммен алғанда қысқа мерзім ішінде Қазақстан даму жолында маңызды табыстарға қол жеткізгені баршаңызға аян. Біз белсенді, көпвекторлы әрі бейбітсүйгіш саясат жүргізе отырып, халықаралық ұлттар қоғамдастығында лайықты орын алдық, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде қазіргі жаһандық сын-қатерлерге, соның ішінде коронавирустың таралуына, әлемдік державалардың өзара текетіресінің күшеюіне, Ауғанстан төңірегіндегі ахуалға және ядролық стратегиялық тұрақтылық саласындағы күрделі жағдайға ерекше назар аударды.

Осы жылдың басында "ядролық апат мерзімі" делініп жүрген уақыт түн ортасына дейін жүз секунд қалған межеге белгіленген болатын. Бұл шын мәнінде әлем ядролық соғыс алдында тұрғанын білдіреді. Дүние жүзінде байқалып отырған дағдарыс жағдайы Үлкен Еуразиядағы кооперацияның жаңа тәсілдерін ойлап табуды талап етеді, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Үлкен Еуразиядағы, әсіресе оның Азиялық бөлігіндегі диалог пен сенім институттарын нығайту қажеттігін атап өтті. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті Азиядағы қауіпсіздік архитектурасының негізгі элементіне айналдыруды ұсынды.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес ашық әрі инклюзивті құрылым ретінде Азияда жан-жақты диалогты жолға қоюдың тиімді платформасы бола алады деп санаймын. Келер жылы бұл ұйымның құрылғанына 30 жыл толуына орай мерейтойлық саммит өткізу жоспарланып отыр. Осы жоғары деңгейдегі іс-шараға мазмұнды дайындық жүргізіліп, Еуразия соның нәтижесінде Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және нығайту процесінде серпіліс алу мүмкіндігіне ие болуы керек,– деді Елбасы.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа дағдарыстардың алдын алу үшін Еуразия елдері арасында жүйелі диалог орнатудың маңыздылығын айтты. Елбасы атап өткендей, бұл орайда ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келе жатқан, соның ішінде үшінші елдермен жұмыс істеп жүрген өңірлік халықаралық бірлестіктер негізгі құрал бола алады.

Атап айтқанда, менің ойымша Еуразия экономикалық одағы, Еуропалық Одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және жақында ғана құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы арасындағы тікелей байланысты дамытатын кез келді. Сондықтан біздің елдеріміз Еуразиядағы кооперацияның барлық мүмкіндіктерін талқылап, дамыта алатын "Үлкен Еуразия" төртжақты экономикалық форумын құруды ұсынамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ауғанстандағы күрделі ахуалды тұрақтандыру және ядролық қаруды таратпаудың нақты жұмыс тетігін әзірлеу үшін халықаралық деңгейде күш-жігер жұмылдыруға шақырды.

Мен бірнеше жыл бұрын барлық ядролық мемлекеттердің қатысуымен стратегиялық шабуылдау қаруларын жаппай қысқартудың қадамдық жоспарын әзірлеуді ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында қабылдауға болатынын айтқан едім. Бұл жоспарда жаппай қырып-жою қаруын сатып алуға және таратуға қарсы қатаң санкциялар қамтылуға тиіс. Осы орайда Ядролық қауіпсіздікті және ядролық қару­дан азат әлемді жақтайтын Жаһандық көш­бас­шылар альянсының қызметі ерекше мәнге ие болады. Оған әлемнің белгілі 70 саясаткері қолдау білдірді, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Жаһандық көшбасшылар альянсы Стратегиялық шабуыл қаруларын жаппай қысқарту жоспарын талқылау және құру жолындағы негізгі алаңға әрі қозғаушы күшке айнала алатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Елбасы Қазақстан астанасында Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі жаһандық форум өткізуді ұсынды.

Күш жұмылдырсақ қана мен айтқан сын-қатерлерге қарсы тұра аламыз. Сондықтан ашық әрі шынайы диалогтың маңызы зор. "Астана клубы" күллі Еуразия үшін жаңа идеялар мен шешімдердің бастамашысы болады деп сенемін, – деді Елбасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: