Сәрсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады
"Қазгидромет" РМК 27 наурыз күні Қазақстан аймақтарында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еліміздің басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын түседі. Республиканың оңтүстігінің кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, тек батыста, оңтүстік-шығысыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей өңірлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай болады, бұршақ, дауыл күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі, түнде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Түркістан облысында найзағай күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, күндіз екпіні 29 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі,жел 15 м/с күшейеді.