Сәрсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады
22 мамыр күні Қазақстанның басым аймағында ауа-райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын түсіп, тек республиканың батысында және оңтүстік-батысында ашық ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с үдейді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Түнде кей жерлерде Ақмола, Павлодар облыстарында 1-6 градус, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 3 градусқа дейін төмендеп, Ақтөбе облысында 1 градус үсік жүреді деп күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде ыстық сақталады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.