Бейсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2019 15:48 pxhere.com
Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ түсіп, батыс өңірде – шаңды дауыл күтіледі.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, тек солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста – ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ түсіп, батыс өңірде – шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді. Атырау облысының басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: