3 маусым күні Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кей жерлерде жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында катты жаңбыр жауады, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей аймақтарда найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, Алматы, Шығыс-Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, Шығыс Қазақстан, Алматы, күндіз Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде найзағай болуы ықтимал.
Атырау, Ақтөбе, кей жерлерде Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде апаттық өрт қаупі сақталады.