Қазақстанда тұрақсыз ауа-райы сақталады
Pixabay
Кей жерлерде найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Жақын күндері республиканың ауа райына орталығы Екатеринбургте орналасқан циклон өз әсерін тигізеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр, солтүстік-батыста – кей жерлерде күшті жаңбыр жауады, күндізгі температура 15...25°С дейін төмендейді.
Кей жерлерде найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Тек республиканың оңтүстігінде ғана ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, негізгі температуралық фон 32...40°С шамасында болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript