Жаңалықтар тізбегі
0

5 ота, ампутация. Елордада автобус апатына ұшырағандардың жағдайы қалай

Астана әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2019 17:33 Астана әкімдігі
Елорда әкімі мен денсаулық сақтау министрі әр пациенттің хал-жағдайын білді.

Бүгін, 27 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кеше ірі жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен азаматтар ем қабылдап жатқан қалалық №2 көпбейінді ауруханада болып қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімі мен денсаулық сақтау министрі әр пациентке барып, оның хал-жағдайын сұрастырды.

"Тезірек жазылуыңызды тілеймін. Сізге біліктілігі жоғары үздік дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр. Айығыңыз!", – деді Бақыт Сұлтанов.

Аурухананың бас дәрігері Иван Лидің айтуына қарағанда, қазір станционарда 13 адам ем қабылдауда. Олардың сегізінің жағдайы орташа (олар травматологиялық бөлімде емделуде). Екі пациент кеуде бөлігінің хирургиясы бөлімінде. Үш адамның жағдайы ауыр. Олар жан сақтау бөлімінде жатыр.

"Кеше біз өмірге қауіп төндіретін белгілер бойынша 5 ота жасадық. Бұл өте күрделі операциялардың спектрі болды. Атап айтқанда, ішастар ішіне қан кетуді тоқтату, мелжемделген аяқ-қолдың металлоостеосинтезі, ампутация сияқты оталар. Бір әйелдің аяғына, өкінішке орай, ампутация жасауға мәжбүр болдық", – деп мәлімдеді Иван Ли.

Аурухананың бас дәрігерінің айтуына қарағанда, кейбір пациенттер ұзақ ем қабылдауы керек. Ал енді бірін 7-10 күннен кейін үйіне жібереді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше таңертең Қабанбай батыр даңғылында 3 автобус пен бірнеше жеңіл көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алған болатын. Қала маңына қатынайтын № 303 бағдарлы автобус № 12 бағдарлы автобусты соқтығысқан-ды.

ЖКО-ның нәтижесінде екі адам мерт болып, түрлі жарақат алған 36 адам ауруханаға жатқызылды.

Елорда әкімі апат салдарынан қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, тиісті органдарға оларға және апаттан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

ЖКО-ның себептері анықталып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: