Жаңалықтар тізбегі
0

Қаламқас ұңғымасындағы өрт сөндірілді

видео кадры, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2019 16:07 видео кадры
Сулы-газды қоспа тартылып, пайда болғандар грифондар жабылып қалды.

Энергетика министрлігі "Қаламқас" кен орнындағы №8237 ұңғымада орын алған штаттан тыс жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 28 наурыз күні сағат 01:05 "Қаламқас" кен орнындағы №8237 ұңғымасы маңында отқа оранған грифондардың ошағы сөніп қалған.

Дәл қазіргі уақытта сулы-газды қоспа тартылып, пайда болғандар грифондар жабылыпты.

Газды-сулы қоспаның жануы 25 наурыз күні сағат 05:46 орын алды. Оның атқылауы 16 наурызда басталған болатын. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 05:58 келіп жетті. Абырой болғандай жапа шеккендер жоқ. Сағат 14:30 қызыл жалынды ауыздықтау үшін Ақтау ҚӨҚ қосымша алты өрт сөндіру техникасы - төрт автоцистерна, бір жылжымалы насосты бекет пен газды-сулы қоспаны сөндіруге арналған бір автомобиль келді.

Маңғыстау облыстық ТЖД бастығы Базарбаев К.Б басшылығымен жедел штабты құрылды.

Хабарланып отырғандай, 13 наурыз күні "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Қаламқас кен орнының күрделі аймағында ұңғыма құрылысын жүргізу кезінде, кен орынның орталық аймағына тән техногенді сипаттағы газды-сулы қоспа атқылаған.

Оған техногенді газдың жиналып қалуы себеп болыпты. 13-24 наурыз күндері аралығында мамандар күрделі бұрғылы сұйықтық арқылы ұңғыманы тазалау, сонымен қатар грифондарды жою үшін оқшаулау-жөндеу жұмыстарын жүргізген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: