Автобустардың қатысумен болған ЖКО-нан зардап шеккендердің хал-жағдайы туралы
Астана әкімдігі
Қалалық №2 көпбейінді ауруханада 13 адам ем қабылдап жатыр.
Нұр-Сұлтанда автобустардың қатысуымен болған ЖКО зардап шеккендердің жағдайлары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда қалалық №2 көпбейінді ауруханада 13 адам ем қабылдап жатыр. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр (жан сақтау бөлімінде), тоғызының жағдайы орташа деп бағалануда. Қалалық №1 ауруханада апат салдарынан зардап шеккен тағы да бір әйел емделуде. Оның жағдайы да орташа деп бағаланып отыр.
Жан түршігерлік жол апаты 26 наурыз күні, үш автобустың және жеңіл көліктердің қатысуымен болды. Қала сыртынан қатынайтын № 303 бағыттағы автобус № 12 бағыттағы автобуспен қақтығыс жасаған. Алдын ала ақпарат бойынша, 303 бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушы әйел қаза тапқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript