Жаңалықтар тізбегі
0

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады

rikatv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 18:03 rikatv.kz
Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады, деп жазады Zakon.kz. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген.

Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелерді анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етіледі.

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді, - деп хабарлап отыр министрлік.

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - халықтың қалған санаттары.

- Бұл ретте атап өткен жөн, онда әр кезеңнің қорытындысы талданып, проблемалық мәселелер анықталатын болады және заңнаманы, әдістеме мен ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының Парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады, - деді министрлік.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: