Қасым-Жомарт Тоқаев Амаль әл-Кубейсимен телефон арқылы сөйлесті

eawfpress.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 20:04 eawfpress.ru
Телефон арқылы сөйлесуге Біріккен Араб Әмірліктері жағы бастамашы болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейсимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында БАӘ Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы Амаль әл-Кубейси Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Амаль әл-Кубейсиге құттықтағаны үшін ризашылық айтып, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық қатынастар екі ел игілігі жолында одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Біріккен Араб Әмірліктері жағы бастамашы болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: