Ми-8 тікұшағы апатынан қаза тапқан 13 адамның тоғызы жерленді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 22:20 Сурет: zakon.kz
Төрт адамның мәйітіне гендік сараптама жүргізілуде. Жақын арада олар жерленеді – Қосанов.

Қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшағы апатынан қаза тапқан 13 адамның тоғызы өз туған жерлерінде жерленді. Бұл туралы бүгін ҚР Қарулы күштерінің әскери әуе күштері қолбасшысы Дәурен Қосанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Қазір тоғыз адам өздерінің туған жерінде жерленді. Төрт адамның мәйітіне гендік сараптама жүргізілуде. Жақын арада олар да туған жерлерінде жерленеді, – деді ол брифинг барысында.

28 наурызда Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.

– Бұл техникалық ақаулық, адам факторы және метеорологиялық жағдай. Тергеу аяқталған соң комиссия төрағасы ресми ақпаратты жеткізетін болады, – деді Дәурен Қосанов.

Оның айтуынша, 1988-ші жылы шыққан Ми-8 Алматыдағы 405 авиажөндеу зауытында толық жөндеуден өткен. 2 000 сағат немесе 8 жылдық ресурсы болған. Күні кешеге дейін 773 сағат ұшқан. Техникалық жағынан тікұшақ жарамды болған.

– Ұшу алдында барлық ұшу аппараттарын техникалық құрам тексереді. Ал ұшқыштарды толық медициналық құрам тексереді. Психологтың тексеруінен өтеді. Экипаждың моральдық-психологиялық жағдайы жақсы болған, – деп атап өтті Қосанов.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: